Үміткерлердің құжатын тиісті мекенжай немесе поштаға 2022 жылдың 10 тамызына дейін жіберу қажет.
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы байқауы "Әдебиет", "Ғылым", "Дизайн және бейнелеу өнері", "Журналистика", "Классикалық музыка", "Қоғамдық қызмет", "Спорт", "Театр және кино", "Эстрада", "Халық шығармашылығы" атты 10 аталым бойынша өтеді, деп хабарлайды ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы – ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ, жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында табысталады.
Байқау:
- әдебиет;
- ғылым;
- дизайн және бейнелеу өнері;
- журналистика;
- классикалық музыка;
- қоғамдық қызмет;
- спорт;
- театр және кино;
- эстрада;
- халық шығармашылығы атты 10 номинация бойынша өтеді.
Оқи отырыңыз: "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауына өтінім қабылдау басталды
Сыйлық алуға халықаралық және республикалық конкурс, фестиваль мен түрлі шараның лауреаты, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегері мен жеңімпазы, сондай-ақ, инновациялық қызметтегі және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен ҚР 29 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.
"Дарын" жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.
"Жеңімпаздарға үкімет қаулысымен "Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты" атағы беріледі және лауреаттар диплом, төсбелгі, ақшалай сыйлықпен марапатталады. Жыл сайын сыйлықты ұсыну Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін мерекелеу аясында өткізіледі", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: 18 мамырда "Алматы жастарына" өтінім қабылдау басталады
Үміткерлердің құжаты 2022 жылғы 10 тамызға дейін ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жастар және отбасы істері комитетіне (қағаз нұсқасы) келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел даңғылы 10, "Министрліктер үйі" ғимараты (14-кіреберіс), 8(7172)74-05-25, 8(7172)74-18-43, 8-701-170-46-54; және (электрондық нұсқа) premiya.daryn@gmail.com эл.поштасына қабылданады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
335
-
0
-
0
-
-
2🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
313
-
0
-
0
-
-
3🌻 "Баж салығын алып тастау керек". Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж
-
301
-
0
-
1
-
-
4🚘 "Шалғай ауылдарда мүлдем жоқ". Маңғыстаулық жүргізушілер автогаз тапшылығынан үш күннен бері кезекте тұр
-
289
-
0
-
1
-
-
5🏤 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады
-
308
-
0
-
6
-
-
6💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
288
-
0
-
3
-
-
7👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
264
-
0
-
1
-
-
8🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
249
-
0
-
11
-
-
9🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
241
-
0
-
5
-
-
10👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
239
-
0
-
5
-