USD: 464.5 / 467.1
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.39 / 5.51
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

Даркнетте 15 млн қазақстандықтың деректері сатылымға шықты. Министрлік мәлімдеме жасады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Министрлік 15 млн қазақстандықтың деректері туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Даркнетте өзін shymzz13 деп таныстырған қолданушы Қазақстанның шамамен 15 миллион азаматына тиесілі деректер базасын сатылымға қойғанын мәлімдеді. Бұл ел халқының шамамен төрттен үшіне тең. Осыған байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ресми мәлімдеме жасады.

Желіде жарияланған мәліметке сәйкес, деректер базасы 0,5 биткоинге (шамамен 32 мың АҚШ доллары) бағаланған. Көлемі 2,7 гигабайт болатын файлда 47 миллион жолдан тұратын ақпарат бар екені айтылған. Онда төлқұжат деректері, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары, жұмыс орындары, құжаттардың скан-көшірмелері мен құпиясөздер қамтылғаны көрсетілген.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл ақпараттан хабардар екенін мәлімдеп, қазір жарияланған деректерге техникалық тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта бейінді қызметтермен бірлесіп жарияланған ақпаратқа техникалық тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсынылған деректер үлгілері талданып, олардың ықтимал шығу көзі анықталуда. Қазіргі таңда электрондық үкіметтің ақпараттық жүйелерінің бұзылғаны және аталған деректер базасының тікелей eGov жүйесінен алынғаны туралы расталған ақпарат жоқ", – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, жарияланған ақпараттың бір бөлігі eGov жүйесінде сақталатын деректердің құрылымы мен форматына сәйкес келмейді. Атап айтқанда, электрондық үкімет жүйесінде жарияланымда көрсетілген форматтағы төлқұжаттардың скан-көшірмелері сақталмайды.

Министрлік даркнет пайдаланушысының мәлімдемесі eGov жүйесінің бұзылғанын дәлелдемейтінін атап өтті. Қазіргі уақытта техникалық тексеру жалғасып жатыр, оның нәтижесі бойынша қосымша ақпарат жарияланады. Осыған байланысты ведомство азаматтарға цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес берді. Атап айтқанда:

  • SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге бермеу;
  • парольдер мен электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) деректерін үшінші тұлғаларға жария етпеу;
  • күмәнді сілтемелерге өтпеу;
  • әртүрлі сервистер үшін әртүрлі құпиясөздерді пайдалану.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау