USD: 467.3 / 469.7
  • EUR: 533.5 / 538.5
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстандықтардың жеке деректері Darknet-те сатылып жатыр

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жеке деректердің таралуына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

16 миллионға жуық қазақстандықтың жеке мәліметтері сақталған база Darknet-те сатылған бірыңғай дерекқордан алынған болуы мүмкін. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев айтты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қылмыстық іс тергеліп жатыр

Вице-министрдің айтуынша, 16 миллион азаматтың деректері ұзақ жылдар бойы жиналған болуы ықтимал. Оның пікірінше, бұл мәліметтер Darknet-те сатылған бірыңғай дерекқордан алынған болуы мүмкін. Алайда ол мұның әзірге тек болжам екенін атап өтті.

Еске салайық, биыл маусым айында Жетісу облысында 16 миллионға жуық азаматтың жеке мәліметтері сақталған база тәркіленген болатын. Тергеу мәліметінше, коллекторлық агенттік қызметкерлері азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі мен тұрғылықты мекенжайы сияқты деректерді заңсыз пайдаланған.

Қазір бұл іс бойынша үш адам ұсталып, қылмыстық істі полиция, прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлесіп тергеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау