Денсаулық сақтау министрлігі заң жобасын әзірлеп жатыр.
Қазақстанда "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері" атағын тағайындау ұсынылды. Атақ алған адамға 3 063 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақы тағайындалады. Ол жыл сайын медицина қызметкері күнінде үш адамға беріледі. Бұл туралы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында жазылған.
Сондай-ақ, 17 жеңімпазға республикалық конкурстың "Мамандығы бойынша үздік" мемлекеттік және ведомстволық наградалары ұсынылады. Оған 1 531 500 теңге (500 АЕК) мөлшерінде төлем тағайындалады.
"Ол бойынша "Ең үздік ауыл дәрігері", "Ең үздік акушер-гинеколок", "Ең үздік хирург" дегендей үздік мамандар анықталады", – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
Оқи отырыңыз: Жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты 300-ге жуық шағым түседі
Министрдің айтуынша, үздік дәрігерлерді марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.
Айта кетейік, елімізде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын әзірленіп жатыр. Заң жобасы бойынша, медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамғаны үшін жауапкершілікті төмендету ұсынылып отыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-