Қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мейрамханаларға келушіден депозит төлеуді талап етуі заңды әрекет пе, жоқ па, соны түсіндірді.
Депозиттік төлем ең төменгі тапсырыс құнына арналған төлемді білдіреді. Егер келуші одан аз мөлшерде ішіп-жесе, артылған сома оған қайтарылмайды.
"Депозиттік төлем әдісі заңсыз. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 28-бабына сәйкес, сатушы мекеменің жұмыс режимін ескере отырып, тұтынушыға қолайлы уақытта тауарды еркін таңдауын қамтамасыз етуге міндетті. Тұтынушыны өзіне қажетсіз тауарды сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Егер тұтынушы депозитті төлеуден бас тартқан кезде, қызмет көрсетуден бас тарту заңсыз", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың көрсеткіштері қандай болады?
Азаматтық кодекстің 387-бабына сәйкес сатушы мен сатып алушы жария шарт жасасады. Бұл жағдайда, сатушы мекемеге келген әр сатып алушыға (келушіге) тауарды сатуға міндетті.
"Сатушының немесе мекеме әкімшілігінің тұтынушыға қызмет көрсету мүмкіндігі бола тұрып, бас тартуына жол берілмейді", – делінген комитет хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Құқық бұзғандар қандай қоғамдық жұмыстарға тартылады? Әкімшілік кодекске жаңа бап енгізіледі