"Маяк-Broadcast" компаниясына мемлекеттік тапсырыс алаңынан 2 жылға шеттетілу қаупі төніп тұр.
Алматы қаласындағы дабыл жүйелерін орнатумен шұғылданатын телекоммуникациялық "Маяк-Broadcast" ЖШС басшысы Руслан Іргебаев бейнеүндеу жасап, компанияға "қара тізімге" ену қаупі төніп тұрғанын хабарлады.
Дау биыл Жамбыл облысына қарасты Жамбыл ауданында Өрнек және Қаракемер ауылдарында дабыл жүйесін орнату бойынша әкімдік тапсырысын орындау барысында туған. Руслан Іргебаевтың айтуынша, компания келісімшартта көрсетілген қызметті толықтай орындаған.
"Біз келісімшарт талаптарын толықтай орындадық. Ал жұмысты тапсыру үшін Жамбыл ауданы әкімдігіне барғанымызда түрлі кедергілерге тап болдық. Бізге түрлі сылтаумен кедергі келтіру мен аяқтан шалу жайттары көп болды. Бізді нысанға кіргізбеуіне байланысты таңертеңнен кешке дейін бір тәулік уақытымызды жоғалттық. Ал бізге керегі – бар болғаны серверге қосылу болатын. Нәтижесінде біз жұмысты толық орындап, бар болғаны 30 минутқа ғана кешіктік", – деп түсіндірді Руслан Іргебаев.
Оның сөзінше, компания 2016 жылдан бергі қызметінде әлі бірде-бір рет кемшілік жібермеген. Егер компания "қара тізімге" енетін болса, ол мемлекеттік тапсырыс алаңынан 2 жылға шеттетілмек.
Информбюро порталы бұл мәселеге орай Жамбыл облысының Жамбыл ауданы әкімдігінен сұрау салды. Әкімдіктің баспасөз қызметінің жауабына сәйкес, "Маяк-Broadcast" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Жамбыл ауданының азаматтық қорғау жүйесін қосымша жарақтандыру бойынша биылғы 28 қазанында 8 176 мың теңгеге келісімшарт жасалған. Оның аясында компания 30 күнтізбелік күн ішінде (28 қарашаға дейін) сиреналық-дабылдық қондырғыны іске қосуға тиіс болған.
Әкімдіктің хабарлауынша, жұмысты аяқталғаны туралы актілерге уақытылы қол қойылмауына байланысты аудан әкімі 29 қарашада арнайы жұмыс тобын құрып, ол компанияның Өрнек және Қаракемер ауылдарына сигналды-дабылды қондырғылар орнатуда бірқатар кемшіліктерге жол бергенін анықтаған. Кемшіліктердің толық тізімі жазылған хат редакцияда сақтаулы.
"Осыған байланысты мемлекеттік сатып алу порталы арқылы кемшіліктерді биылғы 12 желтоқсанға дейін жою туралы хабарлама жолданған. "Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімі аппараты" КММ жауапкер "Маяк-Broadcast" ЖШС-н мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы Жамбыл облысының мамандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап-арыз жолдады" делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің жауабында.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-