Дәстүрге айналған Creative Central Asia жетінші аймақтық форумы биыл 28 ақпанда Өзбекстанның Ташкент қаласында өтеді.
Creative Central Asia жобасы British Council бастамасымен 2017 жылы іске қосылған. Ол Орталық Азия елдерінің мәдени және креативті индустрия өкілдері мен халықаралық сарапшылар арасындағы диалогты, тәжірибе алмасуды және бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған. Бастама аймақтың креативті экономикасы төңірегінде кәсіби байланыстарды, қауымдастықтарды және ортақ тіл қалыптастырып, экожүйелердің дамуына қолдау көрсетеді.
Биылғы форумда креативті индустриялардың өсуі және қалалардың дамуына тікелей әсер ететін бағыттар сөз болады:
- ынтымақтастық, кросс-пәнаралық жұмыс және делдалдардың (продюсерлер, кураторлар, платформалар мен институциялар) рөлі;
- қаржы, инвестициялар және құндылықтар тілі (жобалардың импакті мен тұрақтылығы);
- білім беру, жасанды интеллект және болашаққа қажетті дағдылар.
Форум барысында Creative England төрағасы, Лондон мэрінің креативтік индустрия бойынша кеңесшісі Джон Ньюбигин баяндама жасайды.
Сондай-ақ, келесі үш тақырыпта панелдік сессиялар өтеді.
- Креативті қалалардың көзге көрінбейтін инфрақұрылымы;
- Құндылықтар тілінде сөйлейік: инвестициялар, импакт және ұзақ мерзімді тұрақтылық;
- Gen-Next Cities: болашағымызды кім қалыптастырады?
USD:
460.1 / 462.7
EUR:
541.5 / 546.5
RUB:
5.95 / 6.07

