Министр бала емізіп отырған аналардың да дәл осындай мүмкіндігі бар екенін айтты.
Жүкті және жаңа босанған әйелдер дәл қазір Pfizer екпесіне сенімсіз болса, оны кейінірек өздері қалаған уақытта салдыра алады. Елге екпе кезең-кезеңімен жеткізілетіндіктен, мұндай мүмкіндіктері бар, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
"Бізге екпе кезең-кезеңімен келіп түседі. Олардың жарамдылық мерзімі – 6 ай. Алда жүкті әйелдер нәрестесін қолға алғаннан кейін де екпе салдыра алады. Мұндай мүмкіндік емізулі баласы бар аналарға да тиесілі. Егер қазір сенімді болмасаңыз және екпені кейінірек салдырғыңыз келсе, бұлай жасауға мүмкіндігіңіз бар", – деді Алексей Цой.
Мұнымен қатар, министр өзінің 12 жастан асқан балаларына екпені көпшіліктің алдында салдыруға әзір екенін бөлісті. Сондай-ақ, ол Қазақстанның "жасыл" аймаққа өтіп, эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталып келе жатқанына тоқталды.
"Елдегі 9 өңір "жасыл" аймаққа өтті. Дәл қазір өңірлерде тәулігіне шамамен 1 500 жағдай тіркелуде. Соңғы екі ай ішінде коронавирус жұқтыру деңгейі 3,4 есе азайды. Бұдан өзге инфекциялық төсектер – 30%, ал жансақтау бөліміндегі төсектер жүктемесі 26% азайды. Мектептерде 29 021 жағдай тіркелді, бұл жалпы оқып жатқандардың 0,6%-ын құрайды", – деді Алексей Цой.
Еске салсақ, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мен қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева бала көтерген әйелдерге екпе салдырған дұрыс екенін айтқан еді. Еуропа мен Ресейде клиникалық зерттеулер жүргізіліп, 20-дан астам мемлекетте жүкті әйелдерге екпе салынып жатыр. Бірақ І, ІІ компонентті жүктіліктің 16-38 аптасында ғана салдырған жөн.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚚 Елімізде теңіз жүк тасымалының көлемі өсті
-
333
-
0
-
2
-
-
2🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
310
-
0
-
1
-
-
3🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
281
-
0
-
0
-
-
4🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
262
-
0
-
0
-
-
5👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
255
-
0
-
2
-
-
6Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
249
-
0
-
2
-
-
7👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
287
-
0
-
0
-
-
8🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
272
-
0
-
0
-
-
9🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
307
-
0
-
0
-
-
10👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
305
-
0
-
0
-