Тікелей эфир

"Цифрлық нотариат" : Сенімхаттың барлық түрін онлайн рәсімдеуге болады

Еgov.mobile арқылы электрондық түрде қолжетімді болады.

"Цифрлық нотариат" пилоттық жобасы аясында мүлікке иелік етуге байланысты сенімхаттардың барлық түрі egov.mobile арқылы электрондық түрде қолжетімді болды. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның шеңберінде халыққа сенімхаттарды онлайн форматта рәсімдеуге болады.

"Жобаның бірінші кезеңінде онлайн форматта сенімхаттың тек үш түрі рәсімделген еді. Алайда, жобаны жүзеге асыру барысында тұрғындардың өмірлік жағдайларына қарай сенімхаттар тізбесін кеңейту қажет болды. Осыған байланысты, мүлікке иелік етуге байланысты сенімхаттардан өзге, сенімхаттардың барлық түрлерін осы тізбеге енгізу туралы шешім қабылданды", – деді вице-министр Бекболат Молдабеков.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары