Тікелей эфир

Енді eGov mobile қосымшасында цифрлық құжаттарға қолжетімділікті қайтарып алуға болады

Жаңа баптаулар банктердің қосымшаларында пайдаланбауға және оларды тек eGov mobile қосымшасында пайдалануға мүмкіндік береді.

EGov mobile мобильдік қосымшасының пайдаланушылары цифрлық құжаттарға қолжетімділікті сыртқы платформаларда, яғни банктердің қосымшаларында пайдалануға рұқсатты қайтарып ала алады, деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі. 

АҚ мәліметінше, аталған қосымшаның жаңартуларында бір шертудің көмегімен цифрлық құжаттарға қолжетімділікті өшіру функциясы пайда болды. Жаңа баптаулар азаматтарға цифрлық құжаттарға қолжетімділікті қайтарып алуға және оларды басқа қосымшаларда, мысалы, банктердің қосымшаларында (бұрын келісім берген) пайдаланбауға және оларды тек eGov mobile қосымшасында пайдалануға мүмкіндік береді.

"Цифрлық құжаттар сервисін қазақстандықтар арасында танымал банк қосымшаларына шығарғаннан кейін, бізге eGov mobile-дан басқа қосымшаларда құжаттарды қайтарып алу және пайдаланудан бас тарту туралы сұрау салулар түсе бастады. Егер пайдаланушы бұрын өзінің цифрлық құжаттарына басқа қосымшаларда рұқсат берсе және кейін ойын өзгертсе, енді ол eGov mobile-дағы "Цифрлық құжаттар" сервисіндегі "баптаулар" бөлімі арқылы қолжетімділікті қайтарып ала алады. Мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алу ыңғайлы болу үшін біз әрқашан пайланушыларымыздың сауалдары мен пікірлерін ескеруге тырысамыз", – деп атап өтті "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.


Оқи отырыңыз: Дәрігерге қалай онлайн жазылуға болады? Шағын нұсқаулық


Жаңартуларды пайдалану үшін eGov mobile қосымшасын ашу қажет. Ары қарай:

  • "цифрлық құжаттарды" ашу;
  • "цифрлық құжаттарды баптау" тармағын таңдаңыз;
  • "сандық құжаттарға қол жеткізу" бөлімінде берілген тізімнен "қол жеткізуді кері қайтару" түймесін басыңыз;
  • әрекетті растау;
  • сәтті кері қайтарып алу кезінде мәртебе "кері қайтарып алынды" күйіне жаңартылады.

Тізім тек пайдаланушы бұрын соңды банктердің қосымшаларында (Halyk Homebank және Kaspi.kz т. б.) өз деректерін пайдалануға келісім берген болса ғана шығады.

"Бұдан басқа, қайта пайдалану үшін цифрлық құжаттарға қолжетімділігі бар банктердің мобильді қосымшаларына кіріп, келісімді растау қажет. Бүгінгі таңда "цифрлық құжаттар" сервисі азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие және құжаттардың түпнұсқасын өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ – барлығы смартфонда бар. Қазірдің өзінде 10 миллионға жуық адам цифрлық құжаттарды тұрақты негізде пайдаланады. EGov mobile мобильдік қосымшасында 18 құжат бар (жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вакцинация паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және тағы басқа). Айта кеткен жөн, бүгінде цифрлық құжаттарды еліміздің барлық әуежайында ішкі ұшулар кезінде, "ҚТЖ" АҚ теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу кезінде, "Отбасы Банк" АҚ және ХҚКО бөлімшелерінде, Beeline ұялы байланыс операторында, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктер мен нотариустардан қызмет алу кезінде пайдалануға болады", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Электронды құжаттар қағаз нұсқасымен теңестіріледі


 

Серіктестер жаңалықтары