Таяу арада көлік жүргізушілеріне қағаз жүзіндегі "техникалық байқау" құжатын алып жүру қажет болмайды.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, автокөліктің техникалық байқаудан өткенін куәландыратын құжатты цифрлық форматқа көшіру бойынша жұмысты қолға алды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Енді "Техникалық байқаудың диагностикалық картасы" электронды үкіметтің мобильді қосымшасының жеке кабинетінде сақталатын болады.
"Қазір IT мамандары арнайы сервисті әзірлеп, техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Интеграциялық жұмыстардан кейін осы қызметтің алғашқы нұсқасы 1 қыркүйекте EgovMobile платформасында іске қосылады", – деп жазды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, цифрлық құжаттардың заңды күші қағаз жүзіндегі аналогтармен бірдей және олардың артықшылығы көп: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылып, қоғамның сенімі артады.
Оқи отырыңыз: Оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілді – министрлік
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🔸Жамбыл облысында аса ірі мөлшерде есірткі таратқан ақтаулық тұрғын ұсталды
-
209
-
1
-
0
-
-
2Астанада ер адам мұздың астына түсіп кеткен жасөспірімді құтқарып қалды
-
222
-
0
-
0
-
-
3⚡ Павлодар облысында бопсалаушылардың қылмыстық тобы ұсталды
-
221
-
1
-
0
-
-
4Ыстықкөлде фейерверк тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
-
228
-
0
-
0
-
-
5🌨⛄️Қазақстан қашан ақ қарға оранады
-
221
-
0
-
3
-
-
6😳 Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі арнайы күзет қызметінің бақылауына өтеді
-
204
-
0
-
4
-