Тікелей эфир

Christie's аукционында әлемдегі ең үлкен гауһар тас сатылды. Құны – 44 млн доллар

17,61 караттық Bleu Royal екі гауһар таспен қапталған алтын сақинаны безендірген.

Әлемдегі ең үлкен көк гауһар Christie's аукционында 44 миллион доллардан астам бағаға сатылды, деп хабарлады Associated Press.

Бұл сома алдын ала болжамнан айтарлықтай асып түскен. Бұған дейін Christie's аукционы оны 35 миллион долларға бағалаған болатын. 

Соңғы 40 жыл бойы гауһар тас жеке коллекцияда болған. 17,61 караттық Bleu Royal екі гауһар таспен қапталған алтын сақинаны безендірген. Бұл лот Женевадағы сәнді тауарлар аукционының бір бөлігі ретінде саудаланып, сатып алушының аты аталмаған.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 800 5G базалық станциясы орнатылды. Бір станция қанша тұрады


 

Серіктестер жаңалықтары