Чемпиондар лигасы: "Арсенал" мен "Қайрат" ойынына билеттер 21 қарашада сатыла бастайды

Фото: "Қайрат" ФК
Фото: "Қайрат" ФК
"Арсенал" – "Қайрат" матчының билеттері 30 мың теңгеден басталады.

Ағылшынның "Арсенал" футбол клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Алматының "Қайратына" қарсы өтетін ойынға билеттер сатылымының басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды sports24.kz.

Клубтың ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, матч "В" санатына жатқызылған. Билеттердің бағасы 44,80–80 фунт стерлинг (шамамен 30–50 мың теңге) аралығында белгіленген. Алдын ала сатылым 21 қарашада басталса, жалпы сатылым кейінірек ашылады.

"Арсенал" мен "Қайрат" арасындағы кездесу 2026 жылғы 29 қаңтарында Лондондағы "Эмирейтс" стадионында өтеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін алматылық команда "Интермен" сырт алаңда ойнап, 1:2 есебімен жеңіліп, италиялық баспасөзді өз ойынымен таңғалдырған болатын.

Төрт тур қорытындысы бойынша "Қайрат" турнир кестесінде бір ұпаймен 34-орында тұр.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз