Чемпиондар лигасы: "Қайрат" "Интерден" 1:2 есебімен жеңілді

Фото: instagram.com/f.c.kairat/
Фото: instagram.com/f.c.kairat/
Қақпашы Темірлан Анарбеков тамаша ойын көрсетіп, 7,6 ұпаймен "Қайраттың" үздік ойыншысы атанды.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің төртінші турында "Қайрат" Миландағы "Джузеппе Меацца" стадионында "Интермен" кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Бірінші тайм соңында Лаутаро Мартинес алаң иелерін алға шығарды (1:0). Екінші таймның 55-минутында "Қайрат" капитаны Офри Арад есепті теңестірді — бұл миландықтардың биылғы Чемпиондар лигасындағы алғашқы жіберген голы болды. Алайда 67-минутта Карлос Аугусто бұрыштамадан дәл соққы жасап, "Интерге" жеңіс әкелді (2:1).

Қақпашы Темірлан Анарбеков тамаша ойын көрсетіп, 7,6 ұпаймен "Қайраттың" үздік ойыншысы атанды.

Бұл матчтан кейін "Қайрат" төрт ойында бір ғана ұпай жинап отыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз