"Буындырып тастаймын". Аулада ойнап жүрген бүлдіршінге қол көтеріп, қоқан-лоқы көрсеткен әйел тексеріліп жатыр

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Тіпті "буындырып тастаймын" деп те қорқытады.

Екібастұз қаласында аулада ойнап жүрген бүлдіршінге қол көтеріп, қоқан-лоқы көрсеткен әйелді полицейлер тексеріп жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Ал қатты қорқып қалған балаға мамандар психологиялық көмек көрсетті.

Ойын алаңында жүрген ұлға дөрекілік көрсеткен келіншектің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жазбада әйелдің қатты ұрысып, баланы бірнеше рет ұрып жібергені көрінеді. Тіпті "буындырып тастаймын" деп те қорқытады. 

Қатты шошынған бүлдіршін сол жерде жылап жібереді. Ал ауладағы айғай-шуға балалар арасындағы түсініспеушілік себеп болған екен. 

Видео желіде тарағаннан кейін полицейлер “кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салу” дерегімен іс қозғады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары