"Бұл – күлетін нәрсе емес". Данияр Елеусінов ішімдікке әуестігі туралы айтты

Фото: Instagram.com / yeleussinovdaniyar
Фото: Instagram.com / yeleussinovdaniyar
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов өміріндегі қиын кезең туралы айтты.

Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында ішімдікке әуестігі пайда болғанын айтып, қазір бұл мәселемен күресіп жүргенін мәлімдеді.

Спортшының сөзінше, ішімдікке деген әуестігі Олимпиададан кейін пайда болған. Алайда оның қалай қалыптасқанын өзі де түсінбейтінін айтты.

Данияр Елеусінов соңғы уақытта ішімдік ішіп, жол апатына түскені үшін сынға ұшырағанын айтты.

"Бәрі мені сынап жатыр ғой, ішіп алып жол апатына ұшырады деп. Иә, мойындаймын, Олимпиададан кейін ішімдікке деген әуестігім оянды. Мұның қалай болғанын, бұл дертке қалай шалдыққанымды білмеймін. Бірақ бұл – күлетін нәрсе емес", – деді ол.

Боксшы ішімдікке тәуелділікпен бетпе-бет келмеген адам оның қаншалықты қиын екенін түсіне бермейтінін атап өтті.

"Мен де жас кезімде түсінбей, басқаларға күлетінмін. Бірақ өмірде біреуді сынаған немесе айтқан нәрсең ертең өз басыңа келмей қоймайды. Абайлаңыздар, қазір бұл мәселемен күресіп жатырмын", – деді Елеусінов.

Оның айтуынша, мұндай жағдайды тек адамның ерік-жігерінің әлсіздігі деп қабылдауға болмайды. Спортшы қазақ қоғамында бұл мәселені ашық мойындау әлі де қиын екенін айтты. Данияр Елеусінов өмірінде түрлі сынақтар болғанын айтып, қазір ең бастысы денсаулық пен амандық екенін жеткізді.

"Өмір болған соң түрлі сынақтар болады екен, ал менің маңдайыма осындай сынақ жазылыпты. Ең бастысы – денсаулық пен амандық", – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау