USD: 485.7 / 488.3
  • EUR: 553.0 / 558.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

Бүгін ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар айналымнан шығарылды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Енді оны дүкендер қабылдамайды.

Ұлттық банк 2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап кезең-кезеңімен "Сақ стилі" атты 2000 теңгелік жаңа банкноталар сериясын айналымға енгізіп жатыр. Сондықтан бір жарым жылдан бері 2012 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік банкноттар айналымнан алынып келеді. 2026 жылғы 24 маусымға дейін ескі және жаңа банкноталар қатар қолданылады. Одан кейін ескісін жаңасына айырбастауға болады.

Азаматтар ескі банкноталарды 24 маусымға дейін жұмсап үлгермесе, оларды үш жыл ішінде банктер мен "Қазпошта" бөлімшелерінде жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастай алады. 

Айналымнан шығарылған 2 мың теңгенің үлгісі

2012 жылы айналымға енген 2000 теңгелік банкнот – жасыл түсті. Бет жағында "Қазақ Елі" монументі, киіктің стильдендірілген суреті, ұшып келе жатқан көгершіндер, Ту мен Елтаңба бейнеленген. Ал сырт жағында – Ертіс өзені бейнеленген Қазақстан картасының сұлбасы, стильдендірілген киіз үй, мемлекеттік тудың бөлігі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз