Серікқали Брекешев бұл өте маңызды мәселе екенін, сондықтан тыңғылықты қарауды қажет ететінін айтты.
Өзбекстан Қазақстанмен шекараға жақын жердегі Тұзқан көлінің маңында АЭС салғалы жатыр. Бұл Қазақстан үшін қаншалықты қауіпсіз болады? Журналистер осы туралы мәжіліс кулуарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтен сұрады.
"Қазір бұл атом электр станциясын салу бойынша жұмыс тобы құрылған. Олар өзбек әріптестермен бірге стансаны салу мәселесін қарап жатыр. Білуімше, әріптестерім біраз келіссөз жүргізді. Жыл соңына дейін тағы келіссөздер жүреді", – деді министр.
Оқи отырыңыз: "Атом улаған дала" кітабының авторы: Ядролық сынақ қасіретін халық әлі көріп жатыр
Серікқали Брекешев бұл өте маңызды мәселе екенін, сондықтан тыңғылықты қарауды қажет ететінін айтты.
"АЭС-ті салу немесе салмау туралы мәселе Қазақстанмен талқыланып барып, шешіледі. Қазір оны салу туралы нақты шешім шығарылған жоқ. Біз барлық экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, өз ұстанымымызды қорғаймыз", – деді министр.
Еске салайық, 2018 жылдың қыркүйегінде Өзбекстан мен Ресей үкіметтері Жизақ облысындағы Тұзқан көлінде атом электр станциясын салу туралы келісімге қол қойды. Оның құрылысы 2022 жылы басталып, 2028 жылы аяқталады деп жоспарланған. Құрылыстың басталғаны немесе басталмағаны туралы әзірге ақпарат жоқ.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-