Министр Facebook және Instagram аккаунтын өзі жүргізетінін айтты.
Журналистер үкімет кулуарында мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтан әлеуметтік желіде айтылып жатқан сынға қатысты пікірін сұрады. Журналистердің айтуынша, желі қолданушылары жаңа министрді "боттар мен фейктердің патшасы" деп атайды.
"Шынымды айтсам, ешқашан боттармен жұмыс істеген емеспін. Біз әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдаланамыз. Instagram мен Facebook-ты өзім жүргіземін. Әрқашан мүмкіндігінше ашықпын. Алдыңғы жұмысымда да ашық болдым, қазір де журналистермен ашық жұмыс істейтін боламын", – деді Асхат Оралов.
Оқи отырыңыз: "Фаст-фудтың денсаулыққа пайдасы шамалы". Үкімет басшысы McDonald's туралы пікір білдірді
Сонымен қатар, министр әлеуметтік желідегі өзіне қатысты жазбаларға неге көп адам пікір қалдыратынын түсіндірді.
"Сұрақ қоятын сәттер болады. Қолдайтындар бар, өзекті мәселелерді көтеретіндер бар. Мен тағы да айтамын, біз боттармен жұмыс істемейміз", – деді министр.
Еске салайық, Асхат Оралов 2023 жылдың 4 қаңтарында мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Amanat партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарған.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Зейнетақы жинағын пайдалану: 2023 жылы қанша өтінім және қандай мақсатта мақұлданды?
-
347
-
0
-
2
-
-
2Түркия мен Сирияда қаза тапқандар саны 8 мыңға жуықтады
-
362
-
0
-
4
-
-
3Wildberries Алматыда логистика орталығын салуды жоспарлап отыр
-
349
-
0
-
3
-
-
4🇰🇿 Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына қатысты өзгеріс енгізілді: енді өз елінің паспорты керек
-
350
-
0
-
2
-
-
5📣 20 ақпанда қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінім қабылдау басталады
-
362
-
0
-
0
-
-
6⚡️ҰБТ-ға дайындық үшін ата-аналардан 10 млн теңге алған алаяқ мұғалім ұсталды
-
358
-
0
-
0
-
-
7🚗 4 пайыз автонесие: 463 қатысушы төлем шотын алып үлгерді
-
376
-
0
-
0
-
-
8Билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіріп тастауға заңмен тыйым салынбақ
-
342
-
0
-
4
-
-
9Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
-
332
-
0
-
3
-
-
10Түркия ЖОО-да 8 мыңнан астам Қазақстан студенті оқиды
-
335
-
0
-
0
-