USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.43 / 6.55
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Бортта 161 жолаушы болған: Оңтүстік Кореяда тағы бір ұшақ апатты жағдайда әуежайға қайта қонды

Рейс басқа ұшақпен орындалады.

Оңтүстік Кореяда Jeju Air әуе компаниясының тағы бір ұшағы апатты жағдайда әуежайға қайта қонды. Оның ішінде 161 жолаушы болған, деп хабарлайды yonhap news агенттігі.

Бүгін, 30 желтоқсан күні апатты жағдайда қонған ұшақтың да шассиінен ақау шыққаны хабарланып отыр. Ұшқыштар 7C101 рейсін шұғыл түрде Чедждудің халықаралық әуежайына қондырған.

Кимпхо – Чеджу бағыты бойынша рейс орындаған Boeing B737-800 ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай шассидегі ақауды анықтады. Ұшақ бортында 161 жолаушы болған.

Әуе компаниясының мәліметінше, рейс басқа ұшақпен орындалады.

Еске салайық, 29 желтоқсанда Оңтүстік Кореяда ұшақ апаты болып, 179 адам қаза болды. Ұшақта 181 адам болған. Өрт сөндірушілер бір жолаушы мен экипаж мүшесін ғана құтқара алған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз