Қазақстанның бірнеше облысының білім басқармалары қарлы боранға байланысты офлайн сабақтардың тоқтатылғанын хабарлады.
Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға жіберіледі.
Абай ауданында да осындай қаулы шығарылды:
- Бесқарағай ауданындағы үш мектептің 1-11 сынып оқушылары;
- Жарма ауданындағы 15 мектептің 1-9 сынып оқушылары;
- Бородулиха ауданы, Курчатов және Семей қалаларының барлық мектеп оқушылары қашықтан оқиды.
Ақтөбе облысында бүгінде барлық мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан білім алуда.
Оқи отырыңыз: Астанада І ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды
Қарағандыда екінші ауысымдағы мектеп оқушыларының барлығы мектепке бармайды.
Қостанай облысында Амангелді және Меңдіқара аудандарында 2-7 сынып оқушылары және Жангелді ауданында 2-11 сынып оқушылары үйден оқиды. Мұндай шешімдер кейбір басқа аудандардағы мектеп оқушыларына қатысты болуы мүмкін.
Павлодар облысында барлық мектеп оқушылары мен колледждің алғашқы екі курсының студенттері күні бойы қашықтан оқитын болады.