Тікелей эфир

Астанада І ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Бүгін Астанада боран, көктайғақ болады.

Астанада 9 ақпан күні бірінші ауысымда 0-11 сынып мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

"Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 9 ақпанында 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9-сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтан оқытуға көшеді", – деп хабарлады Астана қаласы Білім басқармасы.


Оқи отырыңыз: Астанада ауа райына байланысты ІІ ауысым оқушылары қашықтан оқиды


"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Астана қаласында 9 ақпанда боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с, 23-28 м/с, 9 ақпанда таңертең 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары