USD: 474.9 / 477.9
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +21C
Все города

Боран, аяз, көктайғақ: 19 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Фото Pexels.com
Фото Pexels.com
Синоптиктер болжамы жарияланды.

"Қазгидромет" 19 қаңтардағы Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің солтүстік-батысы, солтүстігі және оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте жаяу бұрқасын мен боран соғады.

Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанып отыр. 

Түнде Шығыс Қазақстан облысында және Абай облысының шығыс бөлігінде қатты аяз -40°C дейін сақталады. Жетісу облысында ауа температурасы -22…-27°C аралығында төмендейді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты аяз -22°C болады. 

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс аудандарында түнгі уақытта өте қатты аяз -45°C дейін жетеді. Бұл өңірлерде ауа райы ерекше төмен температурамен сипатталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау