Алматыда фармацевт әйел қылмыстық топ құрып, Ақтөбеге заңсыз дәрі жөнелткен

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Қылмыстық топтың операторы, ораушысы және "закладчиктері" болған.

Алматыдағы дәріханалардың бірінде фармацевт болып жұмыс істейтін әйел аса күшті әсер ететін дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан. Ол өз қызметін пайдаланып, дәрілерді Ақтөбе облысына жөнелтіп отырған. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, күдікті Алматыдағы дәріханадан есірткі тектес дәрілерді заңсыз алып, көлік арқылы Ақтөбе облысына жіберген. Ол бұл үшін тұтастай қылмыстық топ құрған.

"Алматыда жұмыс істейтін фармацевт әйел өзінің заңды қызметін пайдалана отырып, күшті әсер ететін заттардың ірі көлемдегі партияларын Ақтөбе облысына жөнелтіп отырған. Тұтастай бір қылмыстық топтың өз операторы, ораушысы және есірткіні тығып кететін "закладчиктері" болған. Полиция мыңнан астам дәріні тәркіледі", – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің аға жедел уәкілі Үмітбек Фархадов.

Ведомство мәліметінше, биылдан бастап күшті әсер ететін дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан адамдарға қатысты жаза күшейтілген. Мұндай қылмыс жасағандар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау