Тікелей эфир

Болат Назарбаевпен үлестес Қордай ауданындағы базардың жерлері мемлекетке қайтарылды

Сот қаулысы 2023 жылы 28 желтоқсанда заңды күшіне енді.

2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Б.Н. Назарбаевқа тиесілі "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-ға "Барыс-2" сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілді. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлады.

Учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылған. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген.


Оқи отырыңыз: Алматы облысындағы 15 млн теңгеге сатылып кеткен мектеп мемлекетке қайтарылды


Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап қою берді.

"Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен "Қарасай БН-Тараз" ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы "Қордай Инвест" ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды", – деп жазылған хабарламада.

Сот қаулысы 2023 жылы 28 желтоқсанда жылы заңды күшіне енді. Жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылды.

Серіктестер жаңалықтары