Тікелей эфир

Шетелде тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды 

Өтінім қабылдау 2023 жылғы 13 қазанға дейін жалғасады.

28 тамыз күні шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды. 

Шетелде ғылыми тағылымдамадан (500 ғалым) өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау 2023 жылғы 13 қазанға дейін жалғасады.

Республикалық комиссия грант тағайындауды желтоқсан айларында жүзеге асырады.

"Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-да мына мекенжайда: Астана қаласы, Сығанақ к-сі, 70-үй "Сығанақ" бизнес орталығы, 5-қабат, 508-кабинетте қолма қол (қағаз жүзінде, сондай-ақ электронды тасымалдағыштағы сканерленген нұсқасы) қабылданады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Биыл резидентураға қанша грант бөлінді?


Құжатты үшінші тұлға келіп тапсырған жағдайда – конкурстық іріктеуге қатысуға құжат тапсыру үшін өкілдің атына берілген үміткерден нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасы болуы қажет.

Серіктестер жаңалықтары