Тікелей эфир

"Болашақ мамандығын дұрыс таңдауы тиіс". Депутат білім бағдарламасына танымдық сапар енгізуді ұсынды

Яғни, 8-11 сынып оқушылары жарты жылда бір рет медициналық, өртке қарсы, полиция және басқа да ұйымдарға танымдық сапарлар өткізу керек.

Мектеп оқушылары болашақта өз мамандықтарын дұрыс таңдау үшін мемлекеттік мекемелерге барып, танысуы керек. Бұл ұсынысты "Ақ жол" фракциясының депутаттары премьер-министрдің орынбасарына жолдаған сауалында айтты.

Айтуларынша, мектеп түлектері мамандық таңдауда болашақта кім болғысы келетінін нақты білуі үшін төменгі сыныптан бастап дайындалуы керек. 

"8-сыныптан бастап жарты жылда бір рет медициналық, өртке қарсы, полиция және басқа да ұйымдарға танымдық сапарлар өткізуді ұсынамын. Осындай танымдық экскурсиялардың арқасында болашақ талапкерлер таңдаған мамандығы туралы нақты түсінікке ие болады. Мұны білім беру бағдарламасына енгізу керек", – делінген депутаттық сауалда.

Серіктестер жаңалықтары