Меншік иесі бренд атауын алдағы уақытта таныстырады.
McDonald's брендімен жұмыс істеген мейрамханалар бүгіннен бастап қайта ашыла бастады. Food Solutions KZ ЖШС мейрамханалардың әзірге атауы болмайтынын, алайда алдағы уақытта жаңа брендті таныстыратынын хабарлады.
Компанияның ақпаратынша, бастапқы кезеңде Алматыдағы 5 мейрамхана ашылады. Мейрамханалардағы барлық қызметкерлердің жұмыс орны, жалақысы және басқа да еңбек шарттары толық сақталады.
"Бұл — біздің компания өміріндегі жаңа кезең. Біз қонақтар үшін әр қалада орналасқан мейрамханалардың есігін біртіндеп ашпақпыз. Біз қоғамдық тамақтану индустриясындағы көшбасшылық позициямызды сақтап қалуды көздейміз. Бізге қолдау көрсеткен қызметкерлерімізге, серіктестерімізге және мемлекеттік органдарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Әзірге мейрамханалар атаусыз ашылады, жақын арада біз жаңа атымызды жұртшылыққа таныстырамыз", – деді Food Solutions KZ ЖШС Бас директоры Әсет Машанов.
Оқи отырыңыз: "Фаст-фудтың денсаулыққа пайдасы шамалы". Үкімет басшысы McDonald's туралы пікір білдірді
Бүгін Алматыдағы келесі мейрамханалар жұмысын бастайды:
- Алатау, Төле би көшесі, 41, (Қонаев көшесінің қиылысы);
- MEGA Alma-Ata, Розыбакиев көшесі, 247а;
- Байқоңыр, Мұстафин көшесі, 5а;
- Бұқар Жырау, Минин көшесі, 14/1 (Бұқар Жырау - Байтұрсынов);
- Динамо, Шевченко көшесі, 85 А (Сейфуллин даңғылының қиылысы).
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Ұлыбританияда кейінгі он жылдағы ең ауқымды ереуіл өтіп жатыр
-
395
-
0
-
5
-
-
22023-2024 оқу жылына арналған шетелдік гранттар мен тағылымдамалар топтамасы 📚
-
374
-
0
-
3
-
-
3Қытайдан Қазақстанға жүк тасымалдаушы компания бағаны заңсыз өсірген
-
373
-
0
-
2
-
-
4Пияз тиеген жүк көліктері үш күннен бері ел шекарасынан Ресейге өте алмай тұр
-
359
-
0
-
2
-
-
52023 жылы коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне не себеп?
-
363
-
0
-
2
-
-
6Алматыда 2 автобус соқтығысып, салдарынан 6 адам жарақаттанды
-
367
-
0
-
2
-
-
7Қазақстандағы 51 халық әртісінің 44-інің жалақысы 8848 теңгеге артады
-
355
-
0
-
3
-
-
8Елге ғасырдан астам тарихы бар жәдігерлерді әкелген музейлер ҚҚС төлеуден босатылады
-
336
-
0
-
1
-
-
9Мемлекет басшысы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжановты қабылдады
-
308
-
0
-
1
-
-
10Түркістан облысында бірнеше елді мекенді су басты
-
297
-
0
-
1
-