Биылғы бірінші тоқсанда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3 пайызға өсті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Шикізаттық емес сектор тұрақтылық пен бәсекеге қабілеттілікті көрсетуде, деді үкімет басшысы.

Қазақстанның 2026 жылғы I тоқсандағы (қаңтар – наурыз) жалпы ішкі өнімінің нақты өсімі 3 пайызды құрады. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұған дейін президент экономиканың сапалы әрі тұрақты өсімін қамтамасыз етуді тапсырған. Бұл міндет өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, инвестициялық белсенділікті арттыру және өндірістерді технологиялық жаңғырту арқылы жүзеге асырылып жатыр.

"Осы кезеңде жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3 пайызды құрады. Бұл көрсеткіштің шикізаттық емес сектордағы, атап айтқанда өңдеу өнеркәсібі, көлік, құрылыс және сауда салаларындағы тұрақты өсім есебінен қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн. Сыртқы экономикалық жағдайлардың нашарлауына қарамастан, дәл осы шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетуде", – деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз