USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Биыл террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 60-тан астам адам қамалды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Оның ішінде үш шетел азаматы түрмеге қамалды.

Биыл террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 60-тан астам адам қамалды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Биыл маусым мен шілде айларында діни радикализмді қолдаушыларға қатысты бірқатар сот шешімдері күшіне енді.

"Шымкент қаласының соты аталған мегаполис тұрғынының бірін терроризмді насихаттағаны үшін кінәлі деп танып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырды. ҰҚК жүргізген қылмыстық іс шеңберінде оның бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылықты жасауға шақырғаны анықталды. Интернеттегі экстремистік мазмұнның әсерінен радикалданған", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Астана соты ҚР аумағында терроризмді насихаттаумен және экстремистік топтарға адамдарды тартумен айналысқан шетелдік азаматты сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

Жалпы жыл басынан ҰҚК тергеп-тексерген қылмыстық істер бойынша террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін 60-тан астам адам, оның ішінде үш шетел азаматы түрмеге қамалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау