Тікелей эфир

Биыл Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлер саны 15% артты

Тұрғын үй қоры түгел дерлік: 97,7% жеке меншікте, тек 2,3 пайызы мемлекет меншігінде.

2022 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанның тұрғын үй қоры 405,2 миллион шаршы метр болды. Оның ішінде 263,9 миллион шаршы метр – қалада, 141,2 миллион шаршы метр – ауылда.  Бұл туралы ranking.kz жазды.

2010–2021 жылдар аралығында тұрғын үйді пайдалануға беруде тұрақты өсім байқалды. Белгілі бір кезеңдерде динамика қаттырақ болса, кей кезде бәсеңдеді. Ал 2022 жылы бұл көрсеткіш алғаш рет төмендеді: бір жылда 7,4% азайып, тұрғын үйлердің жалпы ауданы 15,7 миллион шаршы метр ғана болды.

Биыл алғашқы бес айда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5,5 миллион шаршы метр болды. Бұл 2022 жылдың қаңтар–мамыр аралығындағы айлармен салыстырғанда 15,4% көп. Оның ішінде 3,1 миллион шаршы метр – көппәтерлі үйлер, 2,3 миллион шаршы метр – жеке үйлер. Тұрғын үйдің басым бөлігін, яғни 5,1 миллион шаршы метрін немесе жалпы ауданның 93,5%-ын жеке құрылыс компаниялары салған.

Өңірлер бойынша биыл тұрғын үйді пайдалануға беруден ең жақсы көрсеткіш Астанада (1,2 млн ш. м), Алматыда (938,7 мың ш. м) және Алматы облысында (397 мың ш. м) тіркелді.


Оқи отырыңыз: Қазақстан баспана қолжетімділігі бойынша 44-орында.


 

Серіктестер жаңалықтары