USD: 486.9 / 489.5
  • EUR: 564.5 / 569.5
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Биыл Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау 23 немесе 24 мамырда соғылады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өтеді.

Биыл Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау 25 мамырда соғылмайтын болды, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Министрліктің мәліметінше, елімізде биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан аса оқушы тәмамдайды, соның ішінде 217 мыңнан астам бала 11-сынып бітіреді.

"Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектебінде "Білімім — Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл — бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызық сәттерді бірге еске алады. Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі — болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі", – делінген хабарламада.

Биыл соңғы қоңырау күні – 25 мамыр жексенбіге сәйкес келгендіктен, 11-сынып түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өтеді.

Министрлік оқушылардың қауіпсіздігі үшін мектеп форматынан тыс сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыру, ақша жинау, автокөлікпен шеруге шығу және басқа да мерекелеу түрлеріне жол берілмейтінін тағы бір мәрте еске салды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз