Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы қоңырау мен салтанатты іс-шаралар өткізілмейді деген ақпарат тарап жатыр. Алайда Астана қаласының әкімдігі бұл мәліметтің жалған екенін ресми түрде мәлімдеді.
Әкімдіктің хабарлауынша, мектеп бітірушілерге арналған салтанатты шаралар дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Түлектерге құрмет лентасын тағуға, естелік суретке түсуге және мектеп вальсін билеуге рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, әкімдік алда келе жатқан емтихан кезеңіне байланысты ата-аналар мен оқушыларға сабырлық танытып, артық шығындардан бас тартуды ұсынды.
"Барлық түлектерге қауіпсіз және тең жағдай жасау мақсатында аста-төк салтанатты кештер, қаражат жинау, автокөлікпен серуендеу және осыған ұқсас шараларды өткізуді құптамаймыз", – делінген ресми мәлімдемеде.
Әкімдік барлық мектеп бітірушілерді маңызды күнді лайықты әрі есте қаларлық форматта атап өтуге шақырады.
USD:
507.5 / 510.9
EUR:
590.5 / 595.5
RUB:
6.51 / 6.63