Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы әйел инспектор саны 129-ға артты.
Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зиян шеккен азаматтар полицияға "102" арнайы ұялы қосымшасы арқылы да хабарласа алады. Мұнда азаматтар құқық бұзушылықтың суретімен видеосын және басқа да дәлелдерін жібереді, деп мәлімдеді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Әсет Оспанов.
"Полиция жүйесінде әйел құқығын қорғау мәселесінде әйелді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы инспекторларға ерекше рөл беріледі. Ішкі резерв есебінен олардың саны 2 есе артып, белгіленген стандартқа жеткізілді. Бүгінгі күні мұндай инспектор әйелдердің саны 248 адамды құрайды. Яғни қосымша 129 әйел инспекторға көбейді. Мұндай лауазымдар енді әрбір аудандық полиция бөлімшесіне енгізілді", – деді Әсет Оспанов.
Бұл бөлімшелердің қызметкерлері өтініштерді қабылдайды, жәбірленушілерге заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдармен белсенді ынтымақтасады.
Бүгінде құрбандарды әлеуметтік оңалтуға 49-ға жуық дағдарыс орталығы көмек көрсетуде, олардың 39-ында баспана бар.
Оқи отырыңыз: Алматыда биыл 845 адам квотамен ЭКО жасата алады
"Осы жылдың басынан бері полиция қызметкерлері дағдарыс орталықтарына өмірлік қиын жағдайға тап болған 2700-ден астам әйелді жіберді. Оның ішінде 716-сына баспана анықталды. Әйелдер мен балалар құрбан болған қылмыстарды тергеу үшін тергеушілердің мамандануы енгізілді", – деп қосты комитет басшысы.
Мұнымен қатар, Әсет Оспанов барлық полиция департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылғанын айтты. Олардың құрамына 280 тергеуші-әйел кірген.
"Жәбірленуші әйел тергеушіге әйелге көбірек сенім артады. Бұл зорлық-зомбылықты тергеудің тиімділігін арттырады", – деді Әсет Оспанов.
Оқи отырыңыз: Ауылдық жерлердегі 81 әйел өз бизнесін сәтті бастап, қосымша 200 жұмыс орнын құрды
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1👩🍳 "Аспаздар жұмыс істеуден бас тартып отыр". Павлодарда ауруханада жатқан науқастарды тамақтандыру тоқтатылуы мүмкін
-
295
-
0
-
0
-
-
2👩🏫 Патронат тәрбиешілердің жалақысы екі есе артты
-
289
-
0
-
0
-
-
3🚈 "Қазақстан темір жолы" кей пойыздардың кешігіп жүретінін ескертті
-
288
-
0
-
0
-
-
4🚘 Алматыда аз уақытта 92 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
-
310
-
0
-
0
-
-
5⛽️ Шілдеде газдың көтерме саудадағы шекті бағасы өседі
-
313
-
2
-
2
-
-
6🚭Қазақстанда вейп-өнімнің айналымына толықтай тыйым салынуы мүмкін
-
307
-
0
-
1
-
-
7👨⚖️ Депутат Жигули Дайрабаев сотта жеңілді
-
293
-
0
-
1
-
-
8🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
233
-
0
-
0
-
-
9📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
218
-
0
-
1
-
-
10🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
234
-
0
-
0
-