Әйелдер 2 және 4 мың АҚШ доллары көлемінде грант алған.
Елде әлеуметтік жобалар аясында 35 мың ауыл әйелі бизнес негізін үйреніп, 200 мыңға жуық жұмыс орнын құрды. Бұл туралы Қазақстанның ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы, ҚР парламенті мәжілісінің IV, V, VI шақырылымдарының депутаты Майра Айсина мәлімдеді.
"Біріншісі – 2022 жылға дейін бүкіл әлем бойынша 5 миллионға жуық әйелді жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін құрылған "Coca-Cola белестері" жобасы. Оны Coca-Cola компаниясы өз жауапкершілігіне алып отыр. Біз бұл жобаға 2013 жылы "Әлеуметтік динамика" қорының бастамасымен "Жасыл экономика" және G-Global дамыту коалициясымен серіктестікте қосылдық. Ауыл әйелдерін таңдадық. Неге? Қала әйелдерін таңдамауымызға бірнеше себеп бар. Оларда қажет ақпарат бар, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру көзіне қол жеткізе алады. Ал бізде әйелдердің жартысы дерлік ауылда тұрады", – деді экс-депутат.
Майра Айсинаның пікірінше, бүгінгі таңда ауыл әйелдері өз потенциалын толық көрсете алмайды. Сол себепті ауылдағы әрбір әйелге экономиканы, соның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосатындай жағдай жасау қажет.
"Бұл жобалардың ең ұтымды тұсы – тілегі бір команда жасақталуда. Әйелдеріміз кәсіби және интеллектуалды тұрғыда өсіп жатыр. Осы орайда 9 жыл ішінде 35 мыңнан астам әйел әртүрлі тренингтен өтті. Пандемияға дейін – офлайн, қазір – онлайн. Мұнымен қатар, мыңдаған әйел өзінің бизнес жоспарын жазуды, өз қиындығын өзі шешуді үйренді. Бұдан өзге, 81 әйел 2 және 4 мың АҚШ доллары көлемінде грант алып, өз бизнесін дөңгелетіп отыр. Олар қосымша 200 жұмыс орнын құрды", – деді Майра Айсина.
Сондай-ақ, ол бизнесін бастаған ауыл әйелдерінің республикалық және облыстық форумдарда өз тәжірибесін бөлісіп жүргенін айтты.
Еске салсақ, Ресейде жұмыс іздеген қазақстандықтар саны 100 пайызға артты. Олар қалайтын орташа жалақы – 250 мың теңге.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-