Тікелей эфир

Биыл көктем Астанаға Алматыдан бір ай кеш келеді. Сарапшылар болжамы қандай?

Талдау бойынша, Астанада көктемнің басталуы биыл 29 наурызға дәл келеді.

Алматыда 8-15 ақпан аралығында күн күрт суиды. Бұл уақытта түнгі температура кейде -10.5°С дейін барады. Осы айда екі рет аяз болу ықтималдығы 47 пайызға және қалған апталардың суық болу ықтималдығы 14 пайызға тең. Jusan Analytics командасы Алматыда жыл мезгілдерінің ауысу заңдылығына қатысты статистикалық талдау жүргізіп, осындай болжамдар жасады.

Сарапшылар қыс мезгілінің нақты қашан аяқталатындығын білу үшін ауаның оң сипаттағы тұрақты орташа тәуліктік температурасын негізге алды. Талдауға "Қазгидромет" РМК-ның Алматы қаласы бойынша ауа температурасының 2000-2022 жылдардағы деректері пайдаланылған. Айта кетелік, бұл деректерді метеоролог мамандар жыл он екі ай бойы тәулігіне 8 рет – 3 сағат сайын жинаған. 

"Егер соңғы 22 жыл ішіндегі орташа көрсеткіштерді зерделейтін болсақ, Алматыда климаттық көктемнің тууы биыл 27 ақпанға тура келетінін байқаймыз. Бұл жыл мезгілдерінің кәдімгі күнтізбелік ауысымына сәйкес келеді деуге болады. Ал Астанада көктемнің бастауы 29 наурызға дәл келеді. Алматыда ауа температурасы ақпанның соңына дейін біртіндеп көктемгі ауа райына жақындайды: алдағы 13 күн бойы күндізгі температура оң сипатта жалғасады және кем дегенде 6 күн ауа температурасы +5°С-тан жоғары болады, – дейді Jusan Analytics атқарушы директоры Александр Дауранов.  

Оның айтуынша, Алматыда климаттық көктемнің бастауы әр жылдары әрқалай: 20 ақпаннан 20 наурызға дейін барады.

 Кесте: Jusan Analytics

Сарапшылар әртүрлі кезеңдерді өзара салыстыра отырып, климаттық көктемге қатысты қызық байланысты байқаған. 

"Бұл заңдылық әсіресе екі кезеңді: 2000-2013 жылдар мен 2014-2023 жылдарды өзара салыстырғанда айқын сезіледі. Корреляция 0.74-ті құрады. Бұл әжептеуір жоғары көрсеткіш. Соған қарап, қайталанып отыратын қандай да бір 14 жылдық циклдың бар екендігін байқаймыз. Міне, осы циклге қарап-ақ алдағы ауа райына болжам жасауға болады", – дейді Александр Дауранов.         

 Кесте: Jusan Analytics

Тағы бір қызығы бұл осы екі циклдың арасында көктемнің тууына қатысты айырмашылық орта есеппен 4 күнді құраған. Яғни, Алматыда көктем 4 күнге күнге ерте туатын болған.

Мамандардың айтуынша бұл Алматыда ауаның жалпы орташа жылдық температурасының әр 10 жылда 0.5°С-қа көтерілуіне байланысты болып отыр. "Қазгидромет" РМК деректері бойынша, әсіресе ақпан мен наурыздағы орташа температура жылдамырақ көтеріліп келеді (онжылдықта +1.3°С).

 Кесте: Jusan Analytics

Оқи отырыңыз: Қазгидромет: Алматыға биыл көктем ерте келеді


Айта кетейік, жердің экватордан жоғары бөлігінде жыл мезгілдері – көктем, жаз, күз және қыс айлары басталу белгілеріне қарай төртке бөлінеді:

  1. фенологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қарап анықтау;
  2. күнтізбелік – 1 наурыз, 1 маусым, 1 қыркүйек, 1 желтоқсан;
  3. астрономиялық – көктемде, жазда, күзде және қыста күн мен түннің теңелген күні;
  4. климаттық – ауаның орташа тәуліктік температурасына қарай. Мысалы, ауа температурасы тұрақты түрде 0°С-тан жоғары болғанда – көктем,  +15°С-тан жоғары болғанда – жаз, +15°С-тан 0°С-қа дейін төмендегенде – күз, 0°С-тан төмендей бастағанда – қыс мезгілі басталады.  
Серіктестер жаңалықтары