Әлеуметтік маңызы бар фильмдерге 4,95 млрд теңге қарастырылған.
Биыл Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген байқау қорытындысы бойынша 62 киножоба қаржыландырылады, деп хабарлады Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оның ішінде 18 толық метражды, 19 деректі, 17 қысқа метражды және 8 анимациялық фильм түсірілмек. Ол үшін мемлекеттен 5,6 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылады. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және анимациялық фильмдерге 4,95 млрд теңге бөлінеді. 500 млн-ге жуығы – "дебют" санаты бойынша өтетін фильмдерге, тағы 129,5 млн теңге – кең аудиторияға арналған фильмдерге, 25 млн теңге бірлесіп шығарылған фильмдерге жұмсалады.
Биылғы жылы киножобаларды қорғауға 208 өтінім қабылданған. Оның 122-сі – толықметражды фильм, 86-сы – қысқаметражды фильм. Жобаны қорғау процесі онлайн трансляцияланды.
Сараптама кеңесінің төрағасы Досхан Жолжақсыновтың айтуынша, биыл монументалды жобалар азайтылған. Орнына шығармашылық жолын енді бастаған кинемотографистердің бюджеттік жобасына басымдық беріліп отыр.
Айта кетейік, 2019 жылы 17 киножоба, ал 2020 жылы 39 фильм қаржыландырылған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңаөзендегі жалғыз кинотеатр жабылу алдында тұр
Қазақстанда "Кішкентай самурай" жапон-қазақ фильмі түсіріліп жатыр
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
427
-
0
-
1
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
424
-
0
-
1
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
411
-
0
-
8
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
391
-
0
-
5
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
374
-
0
-
3
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
377
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
376
-
0
-
6
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
377
-
0
-
4
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
379
-
0
-
2
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
381
-
2
-
5
-