Биыл "Алматы жастары" бағдарламасының аясында банк 18 миллион теңге қарыз береді.
Несие соманы көтеру жоспарланып отырған жоқ. Алайда өтінім берушілер үстіне қаражат қосып, қымбатырақ үйді ала алады, деп мәлімдеді Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров.
"Бұл мәселені бюджеттен қаражат бөлер кезде зерттедік. Тіпті, өзім осы брифингке келер алдында арнайы жылжымайтын мүлік сататын сайттарға кіріп, пәтер бағасын тағы бір қарадым. Дәл қазір бағасы 18 миллион теңгеден аспайтын 2,5 мың пәтер бар екен. Яғни, нарықта қажет ұсыныс бар. Сол себепті соманы өсіру мәселесін қарап отырған жоқпыз. Азаматтар қалаған тұрғын үйдің бағасы бұл сомадан асып түсуі мүмкін. Бұл жағдайда банк 18 миллион теңгеге дейін қаражат ұсынады, қалғанын өзіңіз қосасыз", – деді Ермек Әміров.
Оқи отырыңыз:
- 18 мамырда "Алматы жастарына" өтінім қабылдау басталады
- Жамбыл облысының жастарына 5 пайызбен ипотека беріледі
- 4 пайыздық автонесие неге уақытында басталмады?
Ары қарай басқарма өкілі санаттар бойынша шектеулер енгізілмегенін айтты. Санат бойынша тізім барлық өтінім жиналып болған соң жасалады.
"Санаттар бойынша шектеуді өтінімдерді толық қабылдап болған соң жасаймыз. Өткен жылы 9 741 өтінім келіп түсті, бірақ мамандықтар бойынша теңдік болмады. Кей жерде көп, кей жерде аз дегендей. Осы орайда өтінімдер келіп болған соң, орынды тең бөлеміз деп шештік", – деді басқарма өкілі.
Мұнымен қатар, Ермек Әміров былтыр өтінім беріп, бағдарламаға іліге алмаған азаматтардың құжатты басынан тапсыруы тиіс екенін айтты.
"Қолымызда былтырдан қалған қор тізім бар. Бірақ бұл қордағы азаматтарға басымдық берілмейді. Олардың құқығы басқалармен бірдей болады", – деді Ермек Әміров.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
305
-
0
-
3
-
-
2👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
281
-
0
-
1
-
-
3🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
268
-
0
-
11
-
-
4🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
262
-
0
-
5
-
-
5👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
262
-
0
-
5
-
-
6🏙 Астанада халықаралық волонтерлік орталық ашылады
-
264
-
0
-
2
-
-
7😱 Назарбаевтың туыстарына тіл тигізгені үшін салынған айыппұлдар қылмыстық кодекстен алынып тасталады
-
267
-
1
-
11
-
-
8🇰🇿 Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімінен сызылуы мүмкін
-
292
-
0
-
5
-
-
9🇰🇿 Қазақстандықтар eGov арқылы өз атына несие алуға тыйым сала алады
-
292
-
0
-
2
-
-
10🔌 Жазда балалардың электр тоғымен зақымдануы жиілейді. Одан қалай сақтану керек?
-
325
-
0
-
4
-