Астанада Қуандық Бишімбаев пен оның інісі Бақытжан Байжановтың аппеляциялық соты өтіп жатыр.
Қуандық Бишімбаеваның қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов алқабилердің бірі істі тыңдау кезінде әлеуметтік желіде судьяның рұқсатынсыз сот құрамына кірмейтін адамдармен байланыс орнатқанын және олармен қылмыстық іске қатысу мәселесін ашық талқылағанын айтты.
Қорғау тарапының айтуынша, алқабилердің бірі ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын бұзған, себебі ол әлеуметтік желі пайдаланушыларымен байланысып, сот талқылауы туралы айтқан, іске қатысушылардың арналарына жазылған.
"Бұл № 4 алқаби. Ол өз аккаунтынан алқаби ретінде таңдалғаны туралы пікір қалдырған және іріктеудің әділ және ашық өткенін айтқан. Бұл пікірдің астында бірнеше желі қолданушы оған қысым жасай бастаған. Сонымен қатар алқаби мәскеулік сарапшылардың қорытындысын сынаған сарапшы Тахир Халимназаровтың аккаунтына жазылған", – деді Ерлан Ғазымжанов.
Ол сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушыларының алқабидің жолдауына жауап ретінде қалдырған басқа да пікірлерін оқыды.