2021 жылдың қаңтар-шілде айларында елде 1,8 млн тонна ұн мен ұсақ қоспалар өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,7% аз. Сондай-ақ, ұн бағасы бір айда – 1%, бір жылда 11% өсті. Мұндай деректерді Energyprom.kz ұсынды.
Өңірлер бойынша ең көп ұн өндіргендер:
- Қостанай облысы – 587,3 мың тонна, бір жылда көрсеткіш 7,8% өсті;
- Шымкент – 189,1 мың тонна, өндіріс 17,4% қысқарды;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 176,1 мың тонна, өндіріс 3% өсті.
2020 жылы 3,4 млн тонна ұн өндірілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2,6% көп. Ұнды негізінен "Саламат", "Асалия", "Азия Ұны", "Romana-Нан", "Аруана-2010", Miller&K, "Алтын-Дән", Pioneer Grain Products және тағы басқа компаниялар өндірді. Өндірістің 92,8%-ы – бидай ұны, салмағы 1,7 млн тонна – өткен жылмен салыстырғанда 3,3% аз.
Сондай-ақ:
- әртүрлі ұн тағамын жасауға арналған қоспа – 120,5 мың тонна (бір жыл ішінде көрсеткіш 7,3% азайды);
- ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұны – 7 мың тонна (18% азайды);
- бидайдан басқа дәнді дақылдардан тартылған ұсақ ұн – 3,7 мың тонна (18,1% аз).
Бірінші жарты жылдық қорытындысына сәйкес, жергілікті компаниялар сұранысты 99,5% қамтамасыз етіп отыр. Елге 7 мың тонна ұн импортталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6% көп. Қазақстан өз кезегінде өзінде бар қордың 44%-ын немесе 655,9 мың тонна ұнын экспортқа шығарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1% аз.
2021 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстан 749,1 мың тонна ұнды 207,6 млн долларға экспорттады. Табиғи экспорт – 11,5%, ал қаржылай экспорт 12,1% қысқарды.
- ТМД елдеріне – 261,2 мың тонна, өткен жылдан 16,4% аз;
- Өзбекстанға – 179 мың тонна;
- Тәжікстанға – 32,3 мың тонна;
- Қырғызстанға – 22,3 мың тонна;
- ТМД құрамына кірмейтін елдерге – 487,9 мың тонна, өткен жылдан 8,6% аз;
- Ауғанстанға 138,6 АҚШ долларына 486,1 мың тонна (жалпы экспорттың 64,9%-ы) ұн жолдады.
2021 жылдың тамыз айында бірінші сорттағы бидай ұнының орташа бағасы – 183 теңге, ал жоғары сорттікі 253 теңге болды.
Бірінші сорт ұн үшін ең жоғары баға:
- Ақтау – 256 теңге;
- Нұр-Сұлтан – 237 теңге;
- Алматыда 236 теңге болды.
Ең арзан баға Ақтөбе қаласында тіркелді, бір келісі үшін – 128 теңге.
Жоғары сорт ұн үшін ең қымбат баға:
- Нұр-Сұлтан – 327 теңге;
- Атырау – 326 теңге;
- Алматыда 287 теңге болды.
Ал ең арзан баға Павлодарда тіркелді, келісі үшін – 180 теңге.
Бір жылда ұн бағасы 11,1% өсті:
- Жамбыл облысы – 23,4%;
- Солтүстік Қазақстан – 21,3%;
- Алматыда 17,3% артқан.
Ұн бағасының өсуі барлық өңірде тіркелді. Олардың ішінде Батыс Қазақстан облысында тек 0,9% қымбаттаған.