Тікелей эфир

Бір уақыт белдеуіне көшу: eGov порталы мен сервистері жұмысын уақытша тоқтатады

Сервистерде техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Қазақстан республикасының электрондық үкіметі бір уақыт белдеуіне көшуге байланысты 29 ақпандағы сағат 22:00-ден 2024 жылғы 01 наурыздағы сағат 02:00-ге дейінгі кезеңде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлады

Соған байланысты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін жобалар жұмысы уақытша тоқтайды. Олар: 

  • eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;
  • egov mobile мобильді қосымшасы;
  • "Е-нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;
  • "Техникалық бақылау" бірыңғай ақпараттық жүйесі;
  • "e-Otinish" электрондық өтініштер қызметі. 

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін" делінген Қазақстан республикасының электрондық үкіметінің хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 2024 жылы онлайн петициялар үкімет деңгейінде қаралады


 

Серіктестер жаңалықтары