Тікелей эфир

"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді

Министр қазақстандықтарды зейнетақы жинағын ерте шешіп алмай, болашаққа қалдыруға шақырды.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары зейнетақы жинақтары сомасының 50 пайызына дейін жеке басқарушы инвестициялық компанияларға бере алады. Осыған байланысты журналистер үкімет кулуарында премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың пікірін сұрады. 

"Бұл тағы да жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесінен қаражат алу тақырыбының жалғасы. Тарихқа қайта оралсақ, БЖЗҚ не үшін құрылды? Халықтың көбірек қаражат жинауы үшін және бірте-бірте ынтымақтық жүйенің жойылып, болашақта азаматтардың зейнетақыны БЖЗҚ-дан алуы үшін. Қазір біз шектеуді қайта қарадық. Халықтың көпшілігінің ақшасы аз қалды. Есептеулер бұл қаражаттың жеткілікті екенін көрсетіп отыр. Дегенмен, жинақтағы қаражатты азырақ тарту керек екенін жақсы түсінеміз. Бірақ әскери қызметкерлерге қатысты осындай саяси шешім қабылданғанды. Бұған қатысты Еңбек министрлігінің өз есебі бар. халықтың шығарып алған сомасы соншалықты үлкен қаражат емес – 3 трлн теңгеден астам. Бірақ соған қарамастан БЖЗҚ-ның тұрақты болғанын қалаймын. Біріншіден, бұл – біздің болашағымыз, барлық зейнеткерлердің, соның ішінде менің қаражатымның болашағы", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 1 шілдеден бастап зейнетақы жинағының жартысын инвесткомпанияларға бере алады


Бұл ретте Ерұлан Жамаубаев осы уақытқа дейін БЖЗҚ жинағынан бірде-бір рет зейнетақы шешіп алмағанын атап өтті.

"Бір тиын да шығарып алған жоқпын. Өйткені бұл менің зейнетақым екенін жақсы түсінемін. Екіншіден, болашақта қайда жұмыс істейтінімді білмеймін. Ал бұл жинақты күнделікті қажеттіліктерге жұмсап тастамай, болашаққа қалдырғым келеді. Қазақстандықтардың бәрі осылай жасайды деп сенемін. Екінші жағынан, бұл – болашақта инвестициялық жобаларға жұмауға болатын орасан зор ресурс. Мұны да түсіну керек. Бұл біздің артықшылығымыз. Көптеген басқа елдерде мұндай артықшылық жоқ", – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары