2023 жылғы 1 шілдеден бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары зейнетақы жинақтары сомасының 50 пайызына дейін жеке басқарушы инвестициялық компанияларға бере алады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл азаматтарға зейнетақы активтерін басқаруға қатысуға, өздерінің зейнетақы жоспарын құруға, жинақтарын инвестициялаудың балама саясатын таңдауға мүмкіндік береді.
Жинағын жеке басқарушы компанияға аударған адам оны кейін басқа компанияға не қайтадан зейнетақы қорына аудара алады.
Бұл ретте ескерту: Мемлекет тек зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда базалық зейнетақы 2027 жылға дейін қалай өзгереді?