Тікелей эфир

"Білімді ұлт" аясында мемлекеттік тапсырыс 2025 жылға дейін 21 мың орынға артады

Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 83 колледж қызмет етеді.

Алдағы үш жыл ішінде "Сапалы білім беру "Білімді ұлт" жобасы аясында мемлекеттік тапсырысты 11,4 мың орынға дейін арттыру жоспарланып отыр, деп мәлімдеді Алматы қаласы білім басқарма басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

"2021-2022 оқу жылында Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 83 колледж қызмет етеді. Оның 23-і мемлекеттік, 60-ы жекеменшік, контингенті 73719 студентті құрайды: 36,5 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша оқиды. Бүгінгі таңда қалада тегін ТжКБ-мен қамту жалпы контингенттің 49,5%-ын құрайды. 2025 жылға дейін "Сапалы білім беру "Білімді ұлт" ұлттық жобасын іске асыру мақсатында мемлекеттік тапсырысты 21 мың орынға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда (11,4 мың орын) 10 мың орынға артық", – деді Қайрат Жұманов. 

Басқарма өкілінің айтуынша, бірінші кезекте 2025 жылға қарай 9-сынып түлектерін ТжКБ-мен 100%-ға дейін тегін қамту жоспарланып отыр.

  • 2022 жылы – 69,3%;
  • 2023 жылы – 78,1%;
  • 2024 жылы – 87,8%;
  • 2025 жылы – 100%.

Оқи отырыңыз: Колледжде кімдер тегін оқи алады?


"Осылайша, 2025 жылы қала колледждерінде білім алғысы келетін 9-сыныптың барлық түлегі сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқитын болады. Биылдың өзінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттердің үлесі 3 мың адамға артып, мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі 14,5 мың орынды құрайды. 2019 жылдың қаңтарында жан басына шаққандағы қаржыландыру 20 мемлекеттік колледжде, ал ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жұмыс істейтін 29 жекеменшік колледжде жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілді", – деп қосты басқарма өкілі. 

Еске салсақ, енді грант иелену үшін ҰБТ-ны екі мәрте тапсыруға болатыны туралы хабарлаған едік. Министрдің айтуынша, бұл шара эмоционалды күйзеліс деңгейін төмендетеді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары