Тікелей эфир

Білім беру саласы: аудиторлар сыйбайлас жемқорлық фактілерін жасырған

Сыбайлас жемқорлық фактілерін жасырған аудиторлар ұсталып, сотқа тарылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аймақтарда білім беру саласындағы мемлекеттік аудиторлардың сыйбайлас жемқорлықты жасырғанын анықтады. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді. 

"Жетісу облысында бюджет қаражаты "өлі жандардың" шотына ақша аудару және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдыру мен иемдену арқылы ұрланған. Тергеу барысында Алматы облысы тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге сомасында пара алғаны әшкереленді. Ол Талдықорған қаласындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін пара алған. Қазір аудитор сотқа тартылды", – деді Арман Тілеукенов.  

Оның айтуынша, осы сияқты тағы бір факт Алматы облысында анықталды, онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданының білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 млн теңге сомасында пара алған. 

Осы факті бойынша Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 

"Түркістан облысында мемлекеттік ревизор – облыстық тексеру комиссиясының бас инспекторы пара алғаны әшкереленді.  Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", – деді ресми өкіл. 

Оның айтуынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.  Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы бойынша, басқа ақпарат жария етілмейді. 

Серіктестер жаңалықтары