Тікелей эфир

Bereke Bank-тің жаңа клиенттеріне арналған акция

Енді банктің бизнес-клиенттері бірқатар қызмет түрлерін жылдам әрі қауіпсіз жүргізіп қана қоймай, тегін де жүзеге асыра алады

"Bereke Bank" АҚ жеке кәсіпкерлерге арнап, сондай-ақ шағын және микробизнес иелері үшін "Пайдаңды ал" атты акция өткізетінін хабарлайды.

2022 ж. 31 желтоқсанға дейін Bereke Bank-тің клиенті атанып, төменде көрсетілген Банк қызметтерін тегін алу мүмкіндігіне ие болыңыз:

  • Digital пакеттік ұсынысы, оған шотты ашу, "B-Business"* қосу және бизнеске арналған төлем карточкасын тегін ашу кіреді.
  • ағымдағы шотты жүргізу;
  • Астана уақытымен сағат 12:30-ға дейін теңгеде сыртқы ақша аударымдарын жасау;
  • экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептік нөмірді тағайындау.

"Bereke Bank жұмысының маңызды бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті дамытуға көмектесу. Бүгінде Банкте көп жылдар бойы бізбен бірге табысты дамып келе жатқан тұрақты клиенттер бар. Біз барынша пайдалы болуға тырысамыз және клиенттерге жылдам жұмысты, бизнес үрдістерді оңтайландыруды, бақылауды қамтамасыз ететін қажетті құралдарды ұсынамыз. Енді көптеген адам өз бизнесін жүргізуге көмектесетін қызметтерді пайдалана алады", –  деді "Bereke Bank" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Тасқаранов.

Bereke Bank клиенттерге барынша қолайлы болу  үшін банктік қызметтерді жақсарту жұмыстарын күн сайын жүргізуде.  

Банктің жаңа клиенттері тегін қызметті алу үшін "Bereke Bank" АҚ бөлімшелеріне жүгіну қажет.

Шағын және микробизнеске арналған акция туралы қосымша ақпаратты 7744 нөмірі бойынша (заңды тұлғалар үшін) Банктің байланыс орталығынан алуға болады.

* "B-Business" – бұл жеке кәсіпкерлерге, сондай-ақ шағын және микробизнес субъектілеріне арналған банктік қызметті қашықтан көрсету жүйесі. Сервис Bereke Bank-тің корпоративтік клиенттеріне банктік қызмет түрлерін онлайн алуға мүмкіндік береді. Сервистің артықшылығы – оны пайдалану барынша оңай әрі ыңғайлы. Пайдаланушы ақша операцияларын басқара алады әрі өзінің ұйымдарының шоттарын бақылай алады, сондай-ақ бірқатар қосымша ақпараттық сервистерге қол жеткізе алады.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 20.09.22 ж. берген №1.2.199/93/31 лицензия

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары