USD: 467.7 / 470.7
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Бензин мен дизельді елден әкетуге қойылған шектеу ұзаруы мүмкін

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Мұнай өнімдерінің экспортына қатысты жаңа шектеулер қоғамдық талқылауға шығарылды.

Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және басқа да мұнай өнімдерін Қазақстан аумағынан әкетуге қойылған тыйымды тағы алты айға ұзартуды жоспарлап отыр. Тиісті бұйрық жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Жобаға сәйкес, шектеу 2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін күшінде болады. Тыйым автомобиль және теміржол көлігімен тасымалданатын мұнай өнімдеріне қатысты және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерге жөнелтілетін жеткізілімдерге де қолданылады.

Сонымен қатар 2027 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығында ЕАЭО кедендік аумағынан тыс елдерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын экспорттауға тыйым салу ұсынылған. Алайда құжатта бірқатар ерекшеліктер қарастырылған. Атап айтқанда, шектеулер гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілетін жүктерге және Қазақстан Үкіметінің арнайы шешімімен жүзеге асырылатын мұнай өнімдерінің экспортына қолданылмайды.

Энергетика министрлігі бұл шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен тұрақты қамтуға бағытталғанын мәлімдеді.

Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 21 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде азаматтар құжатқа қатысты өз ұсыныстары мен ескертулерін жолдай алады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау