Белгілі үнді актері Нана Патекар 75 жасында қайтыс болды.
Үнді басылымдарының жазуынша, актерді көмекшісі Гоадағы үйінде ес-түссіз күйде жатқан жерінде көрген. Ол Патекарды ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер оны шамамен 45 минут бойы реанимациялауға тырысқанымен, аман алып қала алмады. Алдын ала мәлімет бойынша, актердің өліміне жүрек талмасы себеп болған.
Нана Патекардың актерлік мансабы бірнеше онжылдыққа созылды. Ол "Құстар", "Қош келдіңіз", "Крантивир" және басқа да фильмдерде басты рөлдерді сомдаған.
Актер Үндістанның ұлттық кинопремиясын үш рет жеңіп алған. 2013 жылы өнер мен кинематографияға қосқан үлесі үшін елдің жоғары азаматтық наградаларының бірі – "Падма Шри" орденімен марапатталған.
Нана Патекардың қазасына байланысты Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди көңіл айтты. Премьер-министр актер бірнеше ұрпақтың есінде қалатын кейіпкерлерді сомдағанын атап өтіп, оның хинди және маратхи кинематографиясына қосқан үлесі зор болғанын айтты.
Қазақстанның Үндістандағы елшісі Президент әкімшілігіне оралады
Қазақстан мен Үндістан арасында AI саласындағы байланыс күшейіп келеді