Бельгия королі Филипптің інісі, ханзада Лоран 26 жастағы Клемент Ванденкеркховенің әкесі екенін ресми түрде мойындады. Клемент некеден тыс туғанына қарамастан, әкесінің басқа балалары сияқты оның заңды мұрагері мәртебесіне ие болды. Бельгия корольдік әулетінде жаңа "ханзада" пайда болды. Король Филипптің інісі, 62 жастағы ханзада Лоран Клемент Ванденкеркховенің әкесі екенін ресми түрде мойындады. Бұл туралы Belga ақпарат агенттігі хабарлады.
Клементтің әкесімен қарым-қатынасы өткен жылдан бері көпшілікке белгілі болған. 2025 жылы ханзада Лоран оның биологиялық әкесі екенін алғаш рет ресми түрде растаған еді. Әкеліктің ресми мойындалуынан кейін Клемент әкесінің басқа балалары секілді заңды мұрагер атанды. Алайда оның Бельгия ханзадасы атағын ресми түрде иеленуі үшін король Филипп тиісті король жарлығына қол қоюы қажет.
Бұған дейін король Филипп мұндай жарлыққа қол қоюға дайын екенін білдірген. Сонымен қатар Клементтің тақ мұрагерлері қатарына қосылуына мүмкіндік жоқ. Бельгия Конституциясына сәйкес, ел тағы "заңды ұрпаққа" беріледі. Клемент некесіз туғандықтан, оның әкесінің әулетіндегі ресми тақ мұрагерлігі желісіне кіруіне жол берілмейді.
Клементтің дүниеге келуі ханзада Лоран мен Бельгияда "Венди Ван Вантен" атымен танымал әнші әрі тележүргізуші Ирис Ванденкеркховенің қарым-қатынасымен байланысты.
Ханзада Лоран Бельгия корольдік отбасының ең ерекше тұлғаларының бірі ретінде танымал. Оның Клементтің әкесі екені туралы ақпарат бірнеше жыл бойы қоғамда талқыланып келген. 2025 жылы ханзада бұл қауесеттерге нүкте қойып, Клементтің өзінің биологиялық ұлы екенін жариялаған.
Енді 26 жастағы Клемент Ванденкеркхове әкесінің отбасына ресми түрде қосылды. Алайда корольдік титул мен оның нақты мәртебесі король Филипптің тиісті жарлыққа қол қоюынан кейін ғана түпкілікті айқындалады.
Оқи отырыңыз:
Бельгия делегациясының Нархоз Университетіне сапары: халықаралық серіктестіктің жаңа белесі айқындалды