Тікелей эфир

Бектенов ескі көліктерге салынатын салық қалай азаятынын түсіндірді

Шыққанына 20 жылдан асқан көліктер салықты қазіргіден екі есе аз төлейтін болмақ.

Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутаттарының көлік салығына қатысты сауалына жауап берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда ескі көліктерге салынатын салық мөлшерін азайту мәселесі қаралып жатыр. 

Олжас Бектенов бұл ретте салық мөлшерін қандай коэффициенттермен есептеу ұсынылғанын хабарлады. 

  • шыққанына 20 жылдан асқан көліктер үшін 0,5;
  • шыққанына 10-20 жыл болған көліктер үшін 0,7 коэффициентін қолдану жоспарланып отыр. 

Сәйкесінше, 20 жылдан асқан көліктер үшін төленетін салық мөлшері қысқарады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар көлік салығы бойынша ескерту алып жатыр. Оны қалай есептеуге болады


Еске салайық, бұған дейін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ескі көлік иелеріне жеңілдік жасалуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. 

"Бізде 20-30 жыл бұрын шыққан ескі көліктерге қатысты сұрақтар бар. Ескі машинаға жаңа көлікпен ұқсас ставкамен салық салмау үшін түзету енгізуді ұсынамыз. Халыққа түсетін салмақты азайтатын басқа да ұсыныстар бар. Қымбат көлікке сән-салтанат салығы салынады. Осылайша салық ауыртпалығын тең бөлуге болады. Бірақ бұл ұсыныс қана, нақты шешім емес. Барлық ұсынысты жинап, түпкілікті шешім қабылдаймыз", – деді вице-министр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары